Колледжде "Ата – ана – студент – ұстаз арасындағы ынтымақтастық" тақырыбында ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты:

1. Ата – аналарды жазғы сессия кезінде өтетін емтихан графигімен және ережесімен таныстыру.
2. Жасөспірімдердің жазғы уақытын ұйымдастыру және отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау.
3. Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру.
4. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Сарсенова мен педагог психолог А.Тулепбаева баяндамаларын оқып, психолог ата - аналар арасында тренинг өткізді.
 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту