ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің құрылғанына 60 жыл толуына орай «Механизатор» құзіреттілік орталығы ашылды. Шараны колледж директоры құттықтау сөзімен бастап, жетістіктері бар инженер – педагог қызметкерлерді марапаттады және колледж түлегі Қ.Сидалиев колледжге өз арнауын оқыды.

Салатанатты шара барысында Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Ауданның құрметті азаматы Таңатар Дәрелұлы мен оқу орнын басқарған Қазақ ССР Кәсіптік техникалық білім берудің үздігі, ардагер ұстаз Қадірбай Жандыбайұлы «Құрманғазы ауданының кәсіптік білім ордасына 60 жыл» шежіре кітабының тұсауын кесті.

Салатанатты шараның келесі бөлімінде колледждермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Механизатор» құзіреттілік орталығын Атамекен кәсіпкерлік палатасының Құрманғазы аудандық филиалының директоры Утегенов Ұлыбек Тағанқожаұлы мен Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Утеулиев Базарбай Өтеуліұлы ашты. Шақырылған қонақтар орталықты аралап, «Жас маман» жобасы аясында алынған техникалар және құрал – жабдықтармен танысты. 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту