Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігіне 30 жыл» толуына және Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіне 60 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында әскери - эстафеталық ойыны өтті. Эстафетаның алғашқы турында студенттер ОЗК, противогаз кию, оқжатарға оқты жинау, АК-74 шашу және жинау, кедергілерден өту, арқан бойымен өрмелеп жоғарға шығу ойындары өтті. Екінші турда студенттер командамен сап түзеп, қарумен саптық тәсілдерді көрсетті. Сайысқа қатысқан ҚР ҰҚҚ шекара қызметі Атырау облысы департаментінің «Құрманғазы» шекара бөлімінің аға лейтенанты Сайын Аслан Дәулетұлы және сержанты Сапуов Жігер Елеусінұлы студенттерге оң баға берді. Қорытындысында №46 топ студенттері ІІІ орын, №47 топ студенттері ІІ орынды және №45 топ студенттері І орынды иеленді. 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту