Еріктілер оқу – жаттығу дәрістерін алды.

 

Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде «Волонтерлер мектебі» жобасы аясында кәсіби еріктілерді даярлау мақсатында алғашқы медициналық көмек және өрт орын алған кезде жасалуы тиіс шаралары бойынша кәсіби мамандардың дәрісі өтті. Өрт сөндіру жұмыстары бойынша дәрісті Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нухов Дәурен Насифоллаұлы өткізді. Кәсіби өрт сөндіруші студенттердің сұрағына жауап беріп, практика жүзінде өрт сөндіргіш құралды пайдалануды әдісін көрсетті. Алғашқы медициналық көмек беру дәрісін Аудандық орталық емхананың дәрігерлері: Темірханова Асел, Сисенгалиева Салтанат, Бақтыгереев Ерхан өткізді. Оқу барысында студенттер алғашқы көмек көрсету әдістерін үйренді.  

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту