Білім ордасы бұрынғы ММС базасында 1961 жылы 2 октябрьде №188 Теңіз ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі болып құрылған болатын.

1977 жылы училище кәсіби мамандығына қоса орта білім беретін оқу орнына айналдырылды. 1979 жылы 480 оқушыға арналған оқу кешені іске қосылды.

1984 жылы қыркүйекте аудандағы кәсіптік білім ордасы №12 орта кәсіптік-техникалық училище болып тіркелді. Ал 1994 жылы №3 жоғарғы кәсіби білім беретін училище болып қайта құрылды.

Оқу – тәрбие жұмыстарындағы үздік көрсеткіштер үшін училище КСРО - ның құрылғанына 60 жыл толуына орай КСРО кәсіптік техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Училищеге 1974 – 1975 оқу жылының қорытындысы бойынша Социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, Қазақ ССР кәсіптік – техникалық білім беру жөніндегі мемлекет комитеті мен Республика кәсіподағы комитетінің «Ауыспалы Қызыл Туы» мен ақшалай сыйлық табыс етілген.

1987 жылы Республика кәсіптік – техникалық білім беру жөніндегі агроөнеркәсіптік комитетінің шешімімен «Тірек училищесі» болып бекітілді.

Мұнда өндірістік оқыту шеберлері мен арнаулы пәндер оқытушыларының облыстық деңгейдегі тәжірибе алмасу семинар – кеңестері, ашық сабақтар, жас жер жыртушы – механизаторлардың сайыстары жие ұйымдастырылды.

1995 жылы 9 наурыздағы №34 облыс әкімінің шешіміне сай №3 кәсіптік – техникалық училище болып қайтадан құрылды, ал 2004 жылы мамырда №3 Құрманғазы кәсіптік лицейі болып қайта тіркелді.

2005 – 2006 оқу жылында облыстың білім беру департаментінің «Кәсіптік білім берудің 65 жылдығына» байланысты ұйымдастырылған «Өмірге жолдама» акция бағдарламасы қорытындысы бойынша «Үздік кәсіптік лицей – 2006» конкурсында №3 Кәсіптік лицей облыс оқу орындары арасында II – орынды жеңіп алды.

2001 жылы «Жастар шығармашылығы – 2001» республикалық көрмесінде «Жас техниктер өндіріске, құрылысқа, көлікке» бөлімі бойынша кәсіптік лицей III орынды жеңіп алған болатын.

2009 жылы облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» байқауында «Ақпараттандырылған оқу орны» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2009 жылы «Ең үздік әдістемелік қызметтері» облыстық байқауында лицейге II - орын беріліп, дипломмен марапатталған. (Әдіскер Хидуллин З.)

Лицей 2010 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының рейтингілік бағалау негізінде 2009 – 2010 оқу жылының қорытындысымен II - орынды иеленді.

2010 жылы өткен «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны» сайысында III – орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

Кәсіптік білім ордасы Атырау облысының әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №21 қаулысы негізінде «Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжі» болып қайта құрылып, тіркелді.

2019-2020 жылдан оқу жылынан колледж Республика бойынша Үкіметтің «Жас маман» бағдарламасына енген 180 кәсіптік білім ордаларының қатарында. Осы бағдарламаға сай колледж базасын нығайту бағытында қаржыландырулар жүруде.

Оқу орны алғаш ұйымдастырылып 1961 жылы ашылған кезде оқыту құралдары мен техникалық көрнекіліктердің жетіспеуі айтулы қиындықтар келтірді. Соған қарамастан 4 орта арнаулы білімі бар оқытушының, 6 өндірістік  оқыту шеберінің  басын біріктіріп ұжым құрып, бүгінгідей айтулы оқу орнының негізін салуға қол жеткізген ҚССР кәсіптік – техникалық білім берудің үздігі марқұм Мырза Досманұлының еңбегі зор.

Одан кейін 1963 жылдың қаңтарынан кәсіптік білім ордасын 23 жыл бойы Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагері, «СССР кәсіптік – техникалық білім берудің үздігі» запастағы полковник Жүсіп Тілепов Басқарды. Ол училищенің қаз басып қалыптасуына, материалдық – техникалық базасының нығаюына елеулі үлес  қосты.

Көптеген құрылыс объектілер салынды, инженер – педагог қызметкерлердің, оқушылардың күшімен оқу корпустары, асхана, 100 орындық жатақхана және өндірістік шеберханалар бой көтеріп іске қосылды. Оқу – тәрбие жұмысы жақсарып, материалдық база нығайды.

Білім ордасын кейіннен ауданымыздың танымал кадрлары, ауданның құрметті азаматтары Қ. Жармухамбетов , Қ. Айтасов , А. Лұқпанов, Б. Шурин , Ш. Жалелов басқарып, білім ошағының әрі қарай үрдісті дамуына өз үлестерін қосты.

Кәсіптік білім ордасында директордың оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары болып алғашқы жылдары В. А. Пещеров, М. Досмановтар атқарса, 30 жыл үстінде осы қызметте істеп игі нәтижелерге қол жеткізген, «КСРО кәсіптік – техникалық білім берудің үздігі» Зайр Хидуллин, ауданның белгілі азаматтары Ерқуатов Қуаныш, «КСРО кәсіптік  - техникалық білім беру үздігі» Марат Ажығалиев, ауданның құрметті азаматы Рифхат Султанияев, «Қазақ ССР кәсіптік техникалық білім беру ісінің озық қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Уразов Муратқали, жоғарғы санаттты ұстаз Өтегенов Болатбек абыройлы еңбек етіп келді.

1966 жылы осы училищенің халық аспаптар оркестрі кәсіптік – техникалық білім беру жүйесінің 25 жылдық мерей тойына арналған облыстық, Республикалық байқауларда бірінші орынды жеңіп алып, нәтижесінде Москва қаласында осы байқаудың одақтық сайысына қатысып, лауреат атанған.

Сол кезден басталған тәрбиелік мәні зор мәдени – шаралар күні бүгінге дейін өркен жайып, жастарды өнерге, халықтық мұраға, саналы тәрбиеге баулып келеді. Бұл жұмыстардың алғашқы тізгінін ұстаған ауданымыздың белгілі азаматы Дініш Жолмұқанов болса, кейіннен бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастырған Қажбабай Айтасовтың, Ысқақ Ақкенжеевтің, Ноябрь Құрманғалиевтің, Жамбыл Еспосыновтың, Нұрсиық Ахмурзиннің, Серік Анесовтың, Құттығали Набиевтің, Клара Мырзақызының, Қдыршаев Жанболаттың абыройлы еңбектерінің ізі, қолтаңбалары қалды.

Лицейдің комсомол ұйымының хатшылары болып, игі істерімн ауданның белгілі азаматтары абыройлы басқарды. Олар аймақтың талай атқарушы органдарында басшы болған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған Еңсегенов Сарсенбай Құрманұлы (лицей түлегі), Арыстанов Қадыржан – Парламент аппаратында қызмет жасап, қазір облыстық департаментте басшы, Өтегенов Әмір – кеден қызметінің басшылық жұмыстарында болып, қазір зейнеткер, Тахатов Мади – Исатай ауданы әкім аппаратында басшылық қызметте, Мукушев Рафхат – ауданның мектептерінде директорлық қызметтер атқарып келді.

Кәсіптік білім ордасында білім мен өндірістік тәжірибенің байланысын, басты ұштасу түйінін шешетін лауазым иесі ол аға шебер болып табылады.

Осы білім ордасында аға шебер болып қызмет жасаған ҚСРО кәсіптік – техникалық білім беру үздігі Дүйсенғали Төленовтің, кейіннен Индер ауданының әкімі, «ИндерГаз» ААҚ-ның президенті болған, Мырзабек Газизовтың, кейіннен ауданның мекемелерінде басшылық жұмыстарда болған, Зайр Хидуллиннің осы колледж ардагері, Тұралы Хасановтың, Талап

Ғаббасовтың, Болатбек Өтегеновтың – қазіргі кезде колледж директоры, Ермекқали Бисеновтың – колледж ардагері, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері – Жандыбаев  Естайдың абыройлы еңбектері кейінгі жас буын қызметкерлерге үлгі. Ауданның кәсіптік білім ордасының ұзақ жылдар бойы бейнетімен, жұмыстың ыстық – суығын бірдей көтерген, бүгінгі оқу орнының қалыптасуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері III – дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері Социал Сарсемалиев, «КСРО кәсіптік – техникалық білім беру үздігі» Зулпыхар Бақытов, Сатылған Хисамеденов, Александр Архангельский, Елена Лукина, Марат Ажығалиев, Жаухартас Әшенова, Ғайнижамал Жексенғалиева, Анатолий Кулагин, Валентин Панжев, «Қазақ ССР кәсіптік – техникалық білім беру ісінің еңбегі сіңірген қызметкер» Идаят Алдановтың, Бисенғалиев Сайлаудың, Вовняков Евгений Сергеевичтің, Қауысов Кубаштың, Санатов Сағынбайдың, Көптілеуов Аймураттың, Қуанышбаев Ғаділбектің, Мухамбетов Мухтардың, Досманова Клараның, Дюсенова Людмиланың, Золотовская Людмила Александровнаның, Каршигаева Сания Рахметовнаның, Қойсова Айбаршаның, Қуспанов Арараттың, Маженова Ғапураның, Махсотова Марусяның, Теміралиев Мурадымның, Муханов Музафардың, Ханафина Гулжан Салауатқызының, Шияпов Какимнің, Ислямов Нурлыханның есімдерін құрметпен атау орынды. Қазір олардың істерін кейінгі буын ұстаздар Ахметова Баян, Бекенова Альфия, Жүніс Айдынғали, Қажибаева Гульфарида, Казиев Радик, Кульжигитова Баян, Шамеденова Жанар, Харисова Сара тағы басқалар жалғастырып абыройлы еңбек үрдістерін көрсетуде.

Колледж аудан мекемелерінің кәсіпорындарының, өндірістік кооперативтерінің, орта және кіші бизнес салалары мен шаруашылықтарының сұранысын қанағаттандыруда мониторынг ұйымдастырып, қажетті кәсіптік маман дайындау саласында жұмыстанып келеді. Тәрбиеленген мамандар қатарында «2020 – бағдарламасына» сәйкес басқа өңірде, аймақта қызмет жасап жатқан компаниялар жұмысшы кадрларын дайындауда  да бағдарлы жұмыстар жүргізіліп келеді және тиісті маман иелерін тәрбиелеп шығаруда.

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту