Название Скачать
1 Мемориандум Курм АТК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Колледж Ресей Федерациясы оқу орындарымен кәсіби-техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастық жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келеді.

Ынтымақтастық мемарандумы

2011 жылы 16 қарашада Государственное автономное образовательное учреждение Астраханьской области начального профессионального образования «Профессиональное училише №25» оқу орнымен  №1 ынтымақтастық келісім жасалды.

2015 жылы 10 қазанда Государственное автономное образовательное учреждение высшего  профессионального образования ««Астраханский инженерно-строительный институт» колледж жилищно-коммунального хозяйства»  оқу орнымен  №1 ынтымақтастық келісім жасалды.

2018 жылы 4 мамырда Государственное автономное образовательное учреждение профессионального образования «Астраханский агротехнический колледж» және Государственное автономное образовательное учреждение высшего  профессионального образования ««Астраханский архитектурно-строительный университет» колледж жилищно-коммунального хозяйства» оқу орындарымен ынтымақтастық мемарандумына қол қойылды. Екі жақты іс-шаралар жоспары жасақталып, келісілді.

Бірлескен шаралар

2014 жылы  колледж жилищно-коммунального хозяйства АГАСУ  оқу орынының ұйымдастыруымен өткен «Перспективы развитие строительного комплекса: Моделирование будущего в сферах строительства, ЖКХ, судостроения, сельского хозяйства, сфера обслуживания» тақырыбындағы оқытушылар, жас ғалымдар, студенттердің VІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына директордың орынбасары қатысты.

2014 жылы  халықарылық байланысты нығайту мақсатында Облыстық Кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Б. Құлжігітова «Современнные тенденции международной гастрономий и кулинарии» және «Дәнекерлеу ісі» мамандығының  өндірістік оқыту шебер Е. Әлімжанов «TIG (411) сварка пластин 3 мм РА ISO 6947» тақырыбында Германиялық эксперттер өткізген 72-80 сағаттық семинарға қатысып, сертификатын алды.

2016 жылы «Перспективы развития научно-технического сотрудничества стран - участниц Евразийского экономического союза» тақырыбында өткен  Х – халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Воспитательный процесс как средство социальной адаптации детей сирот и детей оставшихся без попечения родителей» тақырыбында баяндамамен қатысып, дипломмен марапатталды.

2017 жылы колледж базасында өткен облыстық «Ауылшаруашылығына мамандар дайындауда студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында өткен семинарға ГАОУ ПО «Астраханский агротехнический колледж» филиалының директоры мен орынбасары қатысты.

2018 жылы аға шебер Жандыбаев Е, өндірістік оқыту шеберлері Алимжанов Е, Жумалиев Т колледж жилищно-коммунального хозяйства АГАСУ  базасында тағлымдамадан өтті.

Кәсіби шеберлік сайыстары

2016 – 2017 оқу жылының желтоқсан айында РФ Астрахань ИСИ базасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Халықаралық кәсіби шеберлік байқауына колледж студенттері Ш.Махымов пен Б.Мұғалімов қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшілері–Е.Алимжанов пен Н.Ислямов арнайы дипломмен, ұйымдастырып алып барған аға шебер Е Жандыбаев  «Алғыс хатпен»  марапатталды.

26 сәуірде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  РФ Астрахань сәулет – құрылыс университетінің кәсіптік училищесі базасында өткен кәсіби шеберлік сайысына «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ курс студенті Газизова Арайлым мен І курс студенті Насухов Рамирис  (жетекшісі өндірістік оқу шебері Каршыгаева Сания Рахметовна) қатысып, арнайы дипломммен марапатталды.

2017 – 2018 мамырда колледж базасында өткен «Үздік механизатор-2018» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсына №16 топ студенті Ғ.Мергенов (жетекшісі А.Ганиев) қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.

Мамырда Астрахань қаласында АГАСУ ЖКХ колледжі базасында өткен халықаралық кәсіби шеберлік конкурсына «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша №29 топ студенті А.Жаңбырбаев (жетекшісі Е.Алимжанов) қатысып, жүлделі ІІІ орынды иемденді. 

Осы конкурста «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша №30 топ студенті С.Божанов  (жетекшісі Т.Жұмалиев) жүлделі І орынды алды.

2018 – 2019 оқу жылы қазан айында Астрахань қаласындағы Агротехникалық техникуммен бірлесіп өткізген Халықаралық «Юный пахарь-2018» сайысына қатынасып, колледж студенттері А.Акбалин, А.Кабуловтар «Алғыс хаттармен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2019-2020 оқу жылында "АШМ техникалық күтім, жөндеу және пайдалану" мамандығының студенті  Мекеш Рафхат      РФ Астрахань қаласынының Аграрлы-техникалық университет базасында өткен халықаралық "Юный пахарь" байқауы      ІІ орын

"Фермер шаруашылығы" мамандығының  студенті Ұзақбаев Айбек   Алғыс хат

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері Сисенбаева Нургуль, Тлеулина Гаухар                РФ Астрахань қаласынының АГАСУ базасында  өткен халықаралық "Үздік аспаз"  байқауынан- ІІІ орын

"Электромонтер" мамандығының студенттері Тулеген Куаныш, Өтеулиев Жастлек РФ Астрахань қаласынының АГАСУ базасында өткен халықаралық "Үздік электромонтер"  байқауынан-          ІІІ орын

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту