БЕКІТЕМІН

          Құрманғазы аграрлы-техникалық

                        колледж директоры

  _________________ Б. Утегенов

«____»____________ 2018 ж.

 

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіндегі студенттердің ішкі  тәртібінің 

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бұл Ережелер Қазақстан Республикасының “Білім туралы ” Заңы мен ҚР БҒМ-нің  Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің (ары қарай Колледж) ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын Жарғы негізінде жасалған. Сонымен қатар Ережелер студенттердің, Колледж әкімшілігінің негізгі міндеттері мен құқықтарын белгілейді. Және Колледж суденттерінің әрекеттерімен байланысты  басқа да сұрақтарды реттейді.

            Колледждің ішкі тәртіп  Ережелерін онда оқитын студенттер орындауға міндетті.

  1. Жалпы жағдайлары

1.1. Бұл Ережелер Құрманғазы аграрлы-техникалық колледж РМҚК студенттерінің ішкі тәртібін айқындайтын  жергілікті нормативті негізгі құжат болып табылады.

1.2. Студенттер (директордың бұйрығымен қабылданған) білімді меңгеруге, білім жоспары мен оқу бағдарламаларында көрсетілген түрлі тапсырмаларды белгіленген уақытта орындауға міндетті.

1.3. Колледж әкімшілігі оқу пәндерінде жоғары деңгейдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу үшін  қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларды жасайды. Сонымен қатар, оқу міндеттерін саналы түрде орындау барысында түсіндіру әдістері, тәрбиелеу, өз бетімен еңбек ету және оқуда жеткізген жетістіктері үшін мадақтау сияқты әдістерді қолданады. Тәртіп бұзушыларға қарсы тәртіпке шақыру шаралары жүзеге асады. 

1.4. Ішкі күн тәртібін орындауға байланысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзінің құзырет аясында шешеді. Ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Ішкі күн тәртібінің Ережелерінде қарастырылған жағдайлар туралы шешімді Колледждің Студенттік кеңесімен бірлікте немесе келісіп барып қабылдайды.

  • Колледждің ішкі тәртіп Ережелерін, оларға жасалатын толықтырулар мен өзгертулерді педагогикалық кеңесте қабылдайды. Оған Колледждің әкімшілігі ұсынған студент өкілдері қатысып, Ережелер директор қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
  • Студенттердің ішкі тәртіп ережелері туралы Колледж мен Жатақхананың хабарландыру тақталарына ілінеді.
  1. Студенттердің негізгі құқтары

Колледж студенттерінің құқы бар:

2.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2. Келісім бойынша ақылы қосымша білім беру қызметтерін пайдалануға;

2.3.Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін оқу ақысының жеңілдетілген мөлшерінде білімді ақылы негізде алуға;

2.4. Колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде  қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледжді басқару органдары арқылы;

2.5. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорлар, сондай- ақ білім беру, медициналық, өзге де   құрылымдардың қызметтерін ақысыз  пайдалануға;

2.6. Барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, симпозиумдар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатыса алады. Жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға, содай ақ  колледждің де баспаларына жіберуге;

2.7. Сабақ беру сапасы мен әдістері жөнінде пікірін білдіруге және оларды жақсартудың жолдары жөнінде ұсыныстар жасауға;

2.8. Студенттік өзін- өзі басқару органдарын құруға;

2.9. Колледж оқытушылары ұсынатын факультативті курстарды таңдауға;

2.10. Колледжде тәрбие ісі немесе студенттік демалыс аясында ұйымдастырылатын іс- шараларға қатысуға;

  1. Студенттердің негізгі міндеттері

Колледж студенттері   міндетті:

3.1. Қазақстан Республикасының  “Білім туралы ”заңында бекітілген міндеттерді орындауға.

3.2. Колледж Жарғысын; студенттердің ішкі тәртібінің  ережелерін; студенттердің ар – намыс Кодексін сақтауға; Педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға; директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға; директордың оқу ісі мен шығармашылық, ғылыми істер бойынша орынбасарының  нұсқауларын орындауға; Колледждің студенті деген атты мақтан тұту; студенттік жатақханада тұру ережелерін сақтауға;

3.3. Колледждің барлық оқу түріндегі студенттері білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта (емтихандық сессия) тапсыруға.

3.4. Мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге;

3.5. Колледж директоры бекіткен еңбекті сақтау, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты ережелер мен нұсқауларды орындауға;

3.6. Апатты жағдайлар мен төтенше оқиғалар жөнінде әкімшіліктің арнайы бөлімшелеріне шұғыл хабар беру және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға;

3.7. Өздерінің оқу құралдарына нұқсан келтірмеуге, оқу орнында  тазалық сақтауға,  материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға;

3.8. Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, техникалық заттар мен қондырғыларды қажетті мақсатта қолдануға, студенттерге берілетін оқулықтар,инструменттер, арнайы киімдер және өзге де заттарды сақтауға, электр қуаты, жылу, су мен өзге де пайдалы қорларды үнемдеуге;

3.9. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар намысы мен қадір қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын сыйлауға;

3.10. Оқу корпусы, жатақхана мен Колледждің өзге де ғимараттарында өзін сыпайы ұстауға, өзге студенттердің міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге бармауға, жалпыға ортақ адамгершілік, этикалық талаптарға сай әрекет етуге, Колледждің  іскерлік абыройына нұқсан келтірмеуге;

3.11. Тәртіпті болып, Колледждің оқу және өзге де корпустарында тазалық сақтауға, оқу корпустары мен жатақхананың  қосалқы бөлмелерінде тазалық шараларын жүргізіп тұруға арналған “Санитарлық бейсенбіліктерге” жүйелі түрде  қатысып тұруға;

3.12. Колледж қабырғасында, далада, қоғамдық орындарда  қадір қасиетін жоғалтпайтындай етіп ұстауға;

3.13. Колледж бөлмелерінде қатаң тиым салынады;

а)  дауыс көтеріп сөйлеуге, шулау, балағат сөздерді қолдануға, сабақ кезінде дәлізде бос жүруге;

б) Біреуді қорқытып – үркітуге, дөрекі сөйлесіп, ар – намысын аяққа таптауға, ұрлық жасауға, Колледждің және оның қабырғасында білім алушы немесе оқытушылардың жеке мүліктеріне қасақана зияндық тигізуге, бұзақылық жат әдет – қылыққа жол беруге (дөрекі қылық, айқайлау, түкіру);

в)  оқу копрусы, жатақхана мен олардың төңірегіндегі жерлерде шылым шегуге;

г) спирттік ішімдіктерді қолдануға, токсикалық және есірткі  заттарды қолдануға;

д) құмарлық ойындар ойнауға (мысалы карта ойнау немесе басқа да);

е) оқу қабинетіне сырт киіммен кіруге;

ж) оқу процесінде ұялы телефондарды, смартфондарды, құлаққапты пайдалануға;

 з) сабақтан және аудиториядан тыс іс – шаралар барысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, құлаққап тағып, сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа жа техникаларды Колледждің электр желісіне қосуға (зарядтауға).

3.14. Студенттерге әкімшіліктің рұқсатынсыз түрлі құрал жабдықтарды  және өзге де мүліктерді алып шығуға;

3.15. Кексетін, тесетін, жарылғыш заттарды; музыкалық плеер, құлаққап, смартфондар, бағалы құнды заттар, әшекей бұйымдар, ақша және т.б. әкелуге қатаң тиым салынады.

3.16. Кәсіптік білім беру ұйымында белгіленген киім формасын қатаң сақтауға міндетті:

Ұлдардың формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка), бас киімсіз (бейзболка, кепка, бандама, орамал, хиджаб, бурка, никаб, паранжа)

Юбканың ұзындығы тізеден жоғары немесе тізеден төмен болмауы тиіс(жалпы ата- аналар жиналысында талқыланып бекітілген)

3.17.Студент төмендегідей әрекеттерге жол бермегені жөн;

а) аралық және қорытынды аттестациялау барысында  өзіне немесе басқа біреуге көмек көрсету мақсатымен  ақпаратты заңсыз түрде алуға, көшіруге, алдын ала дайындаған қағаздарды қолдануға;

б) өзге біреудің ойлары немесе жұмыс қорытындысын өзінікі деп  көрсетуге, ұрлауға;

в)  Құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасауға, жалған сөйлеу, көшіру, сақтаулы тұрған ақпаратты (сонымен қатар компьютердегі) өзгерту немесе басқа да заңсыз қолдану түрлеріне жол беруге;

  1. Әкімшіліктің негізгі міндеттері

Колледж әкімшілігі білім беруге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету  үшін:

4.1. Ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-шаруашылық, оқуға көмекші және өзге де құрамның қалыпты жағдайда жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.

4.2.Білім беру процесінің денсаулыққа зиян келтірмейтін жағдайларын қамтамасыз етіп, қолданыстағы құралдардың дұрыс жұмыс жасауын бақылайды.

4.3. Колледждің қаржылық мүмкіндігіне қарай білім беру процесінің техникалық жақтан қамтамасыз етілуіне және оқуға қажетті құралдар мен дәрісханалардың арнайы қондырғылармен жасақталуын қамтамасыз етеді.

4.4. Білім беру процесін әдістемелік жақтан қажетті қамтамасыз етілуі үшін қажетті шаралар қолданады. 

4.5. Студенттің сабаққа мас күйінде, алкогольды, есірткі, токсикалық заттардың әсерінде қатысуына жол бермейді.

4.6. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларын қабылдайды, студенттердің техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасының ережелері мен өртке қарсы қауіпсіздік  ережелерінің барлығын  біліп, олардың орындауын жіті қадағалап отырады.

4.7. Оқу бөлмелерін ұстауға қажетті жылыту жүйелерінің, жарық, желдеткіш, түрлі қондырғылардың дұрыс жұмыс істеп тұруына мүмкіндік жасайды, студенттердің сырт киімдерінің сақталуын бақылайды.

4.8. Жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге шәкіртақының уақтылы берілуін, киіммен, жұмсақ мүккамалмен қамтамасыз етеді.

4.9. Колледждің қызметін жақсарту, оқу орны мен оның бөлімшелерінің беделін көтеруге байланысты студенттердің  ұсыныстарын қарастырады.

4.10. Білім беру мекемесін құрал-жабдықтармен, мүліктер мен жиһаздармен  қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, оқу және тұрмыстық ғимараттарда  қажетті тәртіптің сақталуын, ғимаратты, ондағы мүліктердің күзет аумағында болуын  қамтамасыз етеді. Өз кезегінде білім ордасының директоры жауапты қызметкерлерге ғимараттар мен ондағы мүліктердің өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық жағдаларының сақталуын жүктеп, бұйрық шығарады.

4.11. Колледждің дәрісханаларын жабдықтандырады (бүтін жиһаз-мүлік, оқу құралдары, қалыпты ауа температурасы, жарықтандыру және өзге де), оқуға қажетті техникалар, жабдықтардың жұмыс қалпында болуы, көрнекі құралдардың пайдалануға  дайын болуын қамтамасыз етеді.

4.12. Колледждегі дәрісханалардың кілттері директордың оқу істері жөніндегі орынбасарларда болады, дәрісхана меңгерушілері жұмыс басталғанла алып, жұмыс аяғында тапсырады.

  1. Студенттік кеңесті басқаратын қоғамдық органдар

5.1. Студенттік Кеңестің жұмысына  ҚР заңнамасы, қолдағы Ережелер және өзге де құқықтық нормативтік актілер жетекшілік етеді.

5.2. Кеңес өкілдері Колледж студенттерінің өкілеттік органының құрамына кіре алады.

5.3. Студенттік кеңес студенттердің жалпы жиналысында сайланған тұлғалар мен топтардың старосталарынан тұрады.

5.4. Студентік кеңес:

  • Топ старосталарының қызметін реттейді;
  • студенттерді Колледжге қажетті қоғамдық пайдалы  жұмыстарды (дәрісханаларды жинауға) және төңіректегі аулаларды жинауға жұмылдырады;
  • Колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау орнатуға көмектеседі;
  • студенттердің мүдделерін қорғайды;
  • мәдени іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады.

5.5. Мынандай мәселелер Студенттік кеңеспен  міндетті түрде келісіліп отыруы тиіс:

  • студенттерге қолданатын көтермелеу мен сөгіс жариялау шаралары;
  • Колледждегі сабақтан тыс шаралардың жоспары;
  • Сонымен қатар Колледждің нормативтік актінде тікелей көрсетілген өзге де сұрақтар. Колледж әкімшілігі кеңес мүшелерінің жемісті еңбегін моральдық және материалдық жақтан қолдау шараларын жүзеге асырады. 

6.Оқу тәртібі, оқу уақыты мен оны пайдалану

6.1. Оқу жылы қыркүйектің 1-нен басталып, екі семестрден тұрады да білім беру-кәсіптік бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес  аяқталады. Колледждің Педагогикалық кеңесі оқу жылының алғашқы күнін өзгертуге байланысты шешім шығаруға құқығы бар.

6.2. Колледждегі оқу процесі оқу жоспарлары мен сабақ кестелеріне сәйкес аптасына 6 күн (дүйсенбіден сенбіге дейін) жүреді. Жексенбі мен мейрам күндерінде сабақтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше жағдайларда ғана жүреді.

6.3. Колледжде оқу қызметінің төмендегідей негізгі түрлері белгіленген:

            - сабақтар: лекциялар, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, лабораторлық дәрістер;

            - бақылау түрлері: техникалық сынақ, өзбетімен жұмыс, бақылау, тест, бақылау сабақ, сынақ, емтихан, кәсіптік бітіру жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан;

            - оқу жұмыстарының басқа да түрлері: өзбетімен бақылайтын жұмыс,  кеңес беру, тәжірибе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, кәсіптік жұмыс.

6.5. Сабақ кестелерін директордың теориялық және өндірістік оқу жөніндегі орынбасарлары бекітіп, сабақтардың басталуынан 7 күн  бұрын белгіленген орынға іліп қояды. 

6.6. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханалардың барлығы мен олардың маңындағы жерлерде  тыныштық пен тәртіп қатаң сақталынуы тиіс. Сабақ кезінде аудиториядан кіріп –шығып оқу барысына кедергі келтіруге болмайды.  

6.6. Қоңырау соғылғаннан кейін аудиторияға студенттер тек оқытушының рұқсатымен ғана кіріп- шыға алады.

6.7.Тәжірибелік, семинар сабақтар және өзге де дәрістерді жүргізу үшін аудиторияларда әр курс академиялық топтарға бөлінеді. Қажет болғанда одан да шағын топтарға бөлініп оқиды. Академиялық топтар мен шағын топтардың құрамын директордың теориялық және өндірістік оқу жөніндегі орынбасарлары белгілейді.

6.8. Әрбір академиялық топтағы үлгерімі жақсы, үлгілі студенттердің арасынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей курс кураторына бағынады, оның бұйрықтары мен нұсқауларын Колледж  Жарғысы аясында орындайды. 

6.9. Әрбір академиялық топта студенттердің сабақа қатысуын белгілейтін журнал болады, ол оқытушылардың  бөлмесінде сақталынады. Студенттердің қатысуын белгілеу үшін журнал күніге сабақ алдында топ старостасының қолына беріледі.

6.10. Орынды себептермен келмей қалған жағдайда студент келесі күннен қалдырмай бұл туралы топ шебері мен топ жетекшісіне хабар береді. Колледжге келген күні бірден сабақтан қалған себебін айғақтайтын мәліметтерді, құжаттарды (анықтамалар, шақыру қағазы, хат, жеделхаттар, т.б) көрсетеді. 

  1. Оқудағы жетістіктеріне алғыс білдіру

7.1. Оқудағы жетістіктері мен Колледждің шығармашылық, ғылыми, қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін төмендегідей моральды, материальдық алғыс білдіру түрлері  белгіленген:

а) алғыс жариялау;

б) құнды сыйлықпен марапаттау;

в) Колледждің Мақтау грамотасымен марапаттау;

г) ақшалай сыйлық;

д) алғыс білдірудің өзге де түрлері.

Марапаттаулар директордың бұйрығымен жарияланып, барша ұжымға естіртіледі де, студенттің жеке іс парағында сақталады.

  1. Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту

8.1. Оқу жоспарын орындамағаны, Колледж Жарғысыда, ішкі тәртіп Ережелерінде, жатақханада тұру Ережелерінде, студенттің ар – ұждан Кодексінде көрсетілген  міндетерді орындамағаны үшін  студенттерге жауапкершілікке тарту, тіпті Колледжден де шығарылуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. 

1) себепсіз 18 сағат қатыспағаны үшін – ескерту;

2) себепсіз 30 сағат қатыспағаны үшін – қатаң сөгіс;

3) себепсіз 60 сағат қатыспағаны үшін – колледжден шығару;

4) жатақханадан шығару;

5) Колледжден және жатақханадан шығару.

Білім алушылар төмендегідей жағдайларда жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

а) Колледждің ішкі тәртіп Ережелерінде, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерінде, студенттердің ар-ұждан Кодексінде қарастырылған міндеттерді бір мәрте немесе жүйелі түрде  орындамағаны үшін;

б) дәрісханаларды бөгде мақсатта қолданғаны үшін;

в) дәрісханаларды  қиратқаны  немесе мен бұзғаны үшін;

г) сабаққа мас күйінде немесе есірткі заттардың әсерінде келгені үшін;

д) орынсыз себептермен сабаққа бір ай немесе одан да көп уақыт бойы келмеген жағдайда;

е) есірткі  заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

ё) жатақханада жарылғыш, химиялық қауіпті заттар немесе қару-жарақ сақтаған жағдайда;

ж) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген өзге де жат қылықтарды көрсеткен жағдайларда.

8.3. Жауапкершілікке тарту  Колледж директоры бұйрыққа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.  

8.4. Құжаттарға немқұрайды қарағаны үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын  т.б жоғалту) студенттерге тәртіптік жаза түрлері қолданылады –сөгіс жариялау. Құжатты жоғалтқан  жағдайда оның көшірмесі студенттің Колледждегі барлық оқу мерзімінде    бір рет қана қайта беріледі.

8.5. Колледж Жарғысын, жатақханада тұру Ережелерін  бұзған студентті жазалау үшін  алдын ала колледж студенттік кеңеспен келісіледі.

8.6. Ішкі тәртіп Ережелерінде (Жатақханада тұру Ережелерін бұзғаны, жалпыға ортақ тәртіп нормаларын орындамағаны үшін, кітапхана кітаптары мен мүліктерді және Колледждің оқу құралдарын бүлдіргені үшін) белгіленген міндеттерді орындамаған студенттерді Колледжден шығару жөніндегі ұсыныстар мен жобалар директорға берілмей тұрып, алдымен білім ордасындағы студенттік кеңеспен келісіледі.

Академиялық үлгерімнің төмендігі мен оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығару мәселесі студенттік кеңеспен келісілмейді.

8.7. Колледж студентін жауапкершілікке тарту, оның ішінде оқудан шығару одан жазба түрде түсініктеме алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Егер ол түсініктеме беруден бас тартса,   бұл жайт қажетті құжатта көрсетіліп, расталауы тиіс.

8.8. Тәртіптік жаза қолданылатын кезде жат қылықтың дәрежесі, қандай жағдайларда жасалғаны, студенттің бұл жайтқа дейінгі мінез-құлқы мен оқу үлгерімі назарға алынады.

8.9. Студенттер ауырып жатқан кездерінде (құжатпен расталған), демалыс уақытында, академиялық демалыс,  жүктілігі мен босануына  байланысты демалыстар кезінде оқудан шығаруға жол берілмейді.  

8.10. Тәртіптік жазамен қатар студенттерге өзге де жазалау  әдістері қолданылады.

8.11. Колледжде білім алушылар “ҚР Білім туралы” заңына сәйкес, Колледж Жарғысы анықтаған заңға қайшы әрекеттерге барған жағдайда Колледжден шығарылады: Сонымен қатар, студенттің оқудан шығарылуына негіз болатын жайттар төмендегідей:

  • өз еркімен, сондай-ақ ауруына байланысты немесе басқа оқу орнына ауысуға байланысты;

-     академиялық үлгерімі төмен (сессия кезінде  алған нашар бағалардың саны үш немесе  одан да көп болса, белгіленген уақытта академялық қарыздарды өтемесе);

  • Колледж Жарғысында, қолдағы Ережелерде, жатақханада тұру Ережелерінде көрсетілген міндеттерді бірнеше мәрте бұзса, сондай-ақ студентке осыған дейін де бір жыл аралығында тәртіпке шақыру жазалары қолданылған болса;
  • жасалған қылмыстық ісі үшін шығарған соттың шешімі күшіне енген жағдайда, сонымен қатар Колледждің студенті деген атқа нұқсн келтіретін заңға қайшы әрекетке барса;

- Есірткі заттарын медициналық қажеттіліксіз қолданған жағдайда.

Егер студент сабақтарға ағымдағы оқу жылы немесе оқу жылының семестрінде дәлелді себептерсіз 60 сағат (сабақ) сабаққа қатыспаса да Колледжден шығарылуы мүмкін. Бұл ретте студент немесе оның заңды өкілдеріне жазбаша түрде білім алушының сабаққа қатыспау және оқу жоспарын орындамау себептеріне түсініктеме беру керектігі жөнінде жазбаша ескерту жіберу қажет.

  1. Ата – аналардың міндеттері

9.1. Колледжбен ата – аналар шарты жағдайларын орындау;

9.2. Студенттердің дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;

9.3. Білім беру ұйымымен бірлесе қызмет ету;

9.4. Студенттердің білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.

 

                                                                                                    

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту